21 шілдеге арналған ауа райы: Еліміздің басым аймақтарында дауылды ескерту жарияланды

49

0

Фото: pixabay.com

 «Қазгидромет» РМК 2024 жылы 21 шілде, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген өңірінде атмосфералық қысымның төмендеуіне байланысты найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады және желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады, ал шығыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жауады деп күтіледі.

«Күндіз сынап бағаны еліміздің солтүстігінде, шығысында: +20…+28°C, оңтүстігінде: +34…+39°C, еліміздің орталығында: +25…+33°C, оңтүстік-шығысында: +30…+38°C, ал батысында +33…+38°C көрсетеді деп болжанған», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктер еліміздің басым аймағында дауылды ескерту жариялады:

21 шілдеде Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Таулы аумақта оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің оңтүстігінде, шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысының оңтүстігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батысқа оңтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Сондай-ақ, Өскеменде найзағай ойнайды, күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады деп болжанады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде күн күркіреп, күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болмақ.

Түнде Атырау облысының батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. Күндіз аптап ыстық болады: +35…+38°C. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырауда 21 шілдеде түстен кейін қатты ыстық кезінде (+36°C) найзағай ойнайды деп күтіледі.

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігіндеел солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдайды деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде аптап ыстық болады: +36°C. Облыстың оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынды болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Астанада 21 шілдеде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Ақмола облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Көкшетауда таңертең және түстен кейін 21 шілдеде найзағай найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз аптап ыстық болады: +35…+37°C. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Орал қаласында да өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады: +38…+39°C. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 21 шілдеде түстен кейін найзағай болады деп күтіледі. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында аракідік қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с құрайды. Алматыда түнде найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15 м/с дейін жетеді. Қонаевта соққан желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<