23 маусым – Қазақстан полициясы күні

814

0

23 маусым - Қазақстан полициясы күні Бүгін Қазақстан полициясының құрылғанына 26 жыл, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған орай, жыл сайын 23 маусымда бейбіт күнде қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін полицейлер күні аталып өтеді.

Бұл күн тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан ардагерлерге және осы қатарда еңбек етіп жүргендерге, қызметтік парызын өтеуде өмірін қиғандарға ризашылық пен алғыс білдіру күні болып саналады.

Еске сала кетсек, 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын.

2007 жылдың 5 маусымы күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды – Полиция күні деп бекітті.

Қазақстан полициясы күніне орай, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне келесі аптаға дейін қызметтік пәтер табыс ететін болады.

Ал кеше Ақмола облысының Щучинск қаласында Бурабай аудандық ІІБ жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<