25 адамды жұмыспен қамтыды

777

0

Қармақшы ауданы Төретам кентінде «Гелиос» жанар-жағармай құю бекеті ашылды. Халықаралық автобаннан бой көтерген нысанның құрылысы 2020 жылы басталған. Бекетте жергілікті халықтан 21 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Жүйткіген жүйрік көліктер өтетін аумақта орналасқан бекет бір уақытта 10 автокөлікке қызмет көрсете алады.

«Күре жолдың бойы кәсіпкерлікке кең өріс ашып отыр. Сондықтан, мұндай сервистік нысандардың ашылуы өз кезегінде экономикамызға тың серпін берудің бір тетігі. Жұмыссыздықпен күресте де, кәсіпкерлікті дамытуда да біз толассыз еңбек етуіміз керек. Өйткені, қай мемлекетте де алдымен экономикалық жағдай сарапқа салынады» деді, – аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов.

Халықаралық дәліз жол бойында күніге 5 мыңға жуық автокөлік өтеді. Сондықтан да, жол бойын табыс көзіне айналдырудың барлық мүмкіндігі бар. Бүгінде жаңадан ашылып, халыққа есігін айқара ашқан «Гелиос» бекеттер желісі Қазақстан нарығында 20 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында Қазақстанның 61 елді мекенінен 270 жанар-жағармай құю бекетін ашқан. Оған қоса, 26 мұнай базасы бар.

Айта кетейік, Қармақшы ауданы бойынша барлығы 11 май құю бекеті жұртшылыққа қызметін ұсынған. Бүгінде аталған нысандарда барлығы 113 адам екі қолға бір күрек тауып, отбасының нәпақасын айырып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<