Блогер Аида Серікова құны 250 млн теңге тұратын үйдің егесін анықтады, деп хабарлады syrboyi.kz.
Ол өзінің әлеуметтік парақшада тікелей эфирде ұтыс иегерімен видео қоңырау арқылы сөйлесті.
«Ал, бисмиллях, түн болса да әлі эмоцияда отырмыз. Алматыдағы 250.000.000-дық үйді ауылдық жерде тұратын, 6-баланың анасы Ардақ ханым жеңіп алды.
Алла қандай Ұлық! Қандай мейірімді! Ол кісі үйдің суретін шығарып, жабыстырып қойып, күнделікті дұға етіп жүрген ғой, сондай бір пейілі ақ кісілерге бұйырды. МашАллаһ деп қойыңыздар», – деп жазды блогер.
Сонымен қатар Аида Серікова 2 автокөліктің егесін де осы тікелей эфирде анықтады. Олар Алматы облысы, Талғар қаласынан 4 баланың анасы Жанат ханым ұтып алса, екінші автокөлікті Ақтөбе облысы, Хромтау қаласынан оқырманы ұтып алды.
«Жүректеріңіз қандай кең еді. Осындай оқырмандарым барына Аллаға сансыз Шүкір етіп, жылап отырмын. По идее, айдаладағы біреу үшін қуанып, тем более комментарийге жазу – дәл қазіргі сәтте әрбір мұсылманның қолынан келе бермейді. Неткен жүректеріңіз жомарт, кең еді. Аллаһым, сіздерге миллион есесін бұйыртсыншы жандарым сол», – деп жазды Аида Серікова.
Айта кету керек, блогер косметикалық өнімін сатып алған оқырмандарының арасында «номероктар» тарата отырып, 90 млн теңге тұратын екі бөлмелі пәтер мен 250 млн теңге тұратын екі қабатты коттедж, екі автокөлік және қаншама қосымша ұтыстар ойнатылатынын алдын ала хабарлаған.
Ал оқырмандар «Ма ша Алла, қаншама адамға үлгісіздер!», «Рамазанда сауапты іс пен керемет қуаныш болды», «МашАллах қандай тамаша көріп еріксіз жылап алдым, Машаллақ нағыз мұқтаж жанға бұйырыпты», «құтты берекелі үй болсын, құтты болсын», «Алланың есебі түгел, құтты берекелі шаңырақ болсын» деп пікір қалдырды.






