250 оқушы ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыратын болды

319

0

250 оқушы ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыратын болды ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудағы соңғы жаңалықтарды айтып берді.

«Біз грантты алу кезінде оқуға түсетіндер үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге уәде берген болатынбыз. Өз сөзімізде тұрдық. Енді «Алтын белгі» иегері өзге де мектеп түлектерімен балдары тең болған жағдайда ғана басымдықты құқыққа ие. Жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы бұрынғысынша қалады. Тек қана сұрақтардың елеулі көлемі ауысты. Былтыр сұрақтардың 25 пайызын ауыстырған едік, биыл тағы да 25 пайызы өзгерді», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Е.Сағадиев ағымдағы жылы ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыру мүмкіндігі енгізілгенін еске салып өтті.

«250-ге жуық адам алғаш рет ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырады деп күтілуде. Дәл сол сұрақтар енгізіледі, ешқандай жеңілдік берілмейді. Яғни бұл оқушылардың өздерінің ниеті бойынша жасалып отыр», – деді министр.

 KAZINFORM.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<