«Қазгидромет» 29 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы.
«Республиканың оңтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады», – деп мәлімдеді Қазгидромет.
Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісуда, Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында аптап ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атыраудың оңтүстік-батысында, Қарағандының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, Алматының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбенің оңтүстігінде, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, Абай, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<