3 адамның ауруды қалай жұқтырғаны анықталды

271

0

3 адамның ауруды қалай жұқтырғаны анықталды Қызылордада бұрын анықталған науқастармен байланыста болған, сол үшін карантиндік стационарға жатқызылған 3 адамнан ауру белгілері табылды. Осылайша дертке шалдыққандар саны 119-ға жетіп отыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов өңірлік коммуникациялар қызметінің брифинінде мәлімдеді. 
– Жалпы, науқастармен қарым-қатынаста болғандар саны – 1449, оның 802-сі тығыз байланыс жасаған, потенциалдысы – 647. Барлығы медициналық бақылауда. Жағдайлары қанағаттанарлық, – деді ол.

Сб-ақпарат.