№3 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысымен таныстырамыз

43

0

Фото: ХҚКО

Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмыс барысымен таныстыруды бастаймыз. #БізбенТанысБол айдарында №3 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысымен таныстырамыз.

Бұл бөлім мемлекеттік қызметтерді электронды және дәстүрлі түрлерін Шанхай, Гагарип, Титов, Әл Фараби мөлтек аудандары және Қызылжарма, Талсуат, Қарауылтөбе ауылдық округ тұрғындарына қызметтерін ұсынуда.

№3 ХҚКО-да электронды кезек жүйесі енгізілген, бұл азаматтарға уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұнда кәсіби мамандар әрбір тұрғынға сапалы және жедел қызмет көрсетеді.

№3 ХҚКО Қызылорда қаласында Ұ.Қараманов 98 мекен жайы бойынша орналасқан. Орталық жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз қызмет көрсетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<