3 млн-ға жуық оқушы жазғы демалысын лагерьде өткізеді

294

0

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Биыл жазғы демалыспен 2 939 028 бала қамтылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Елімізде 10 743 демалыс орнында 2,9 млн бала жазғы демалысын өткізеді. Оның ішінде 10 мың бала – жыл бойғы сауықтыру орталықтарында, 240 мың бала – маусымдық, 2,6 млн бала – мектеп жанындағы, 75 мың бала – шатырлы және киіз үйлі демалыс орындарында демалады.

«Жазғы демалыспен, сауықтырумен және еңбекпен 1-10 сынып оқушыларының 92%-ы, яғни әлеуметтік осал санаттағы 600 мыңға жуық баланы қоса алғанда, барлығы шамамен 2,9 млн бала қамтылады деп жоспарланып отыр. Демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауда. 187 демалыс орталығының 150-і 1-10 маусым аралығында іске қосылуда. Ал қалған 37 демалыс нысаны өз жұмысын 15 маусымнан бастайды», – делінген министрліктің хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнамада ата-аналардың 10,1%-ы ғана балаларын демалысқа лагерьге жіберуді жоспарлап отырғанын айтқан еді.

Бұған дейін Премьер-Министр балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын сынға алған болатын. Олжас Бектеновтің айтуынша, балалардың жазғы демалысы тиісті деңгейде ұйымдастырылмайды, көбінесе есеп беру үшін атүсті жүргізіледі.

Сондай-ақ, Премьер-Министр ең алдымен әлеуметтік жағынан осал санаттағы балаларды жазғы демалыспен қамту керек деп, жауапты министрліктерге тапсырма берген.

Қаламқас Нысанбай

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<