3 мыңнан астам адам декларация тапсырмаған

844

0

Мемлекеттік кірістер органдарына жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру мерзімінің аяқталуына небәрі 2 күн қалғанын еске салады. Дегенмен, облыста бүгінгі күнге әлі 3 мыңнан астам адам декларация тапсырмаған.

Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде электронды түрде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсыну қажет.

2021 жылы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын (250.00-нысан) ұсынған адамдар 2022 жылы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуы тиіс.

Еске салып өтейік, еліміздің 2021 жылдың 3 қарашасында енгізілген өзгерістер бойынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік қызметтер мен оған қатыстылар, үшін жалпыға бірдей декларациялау аясында мемлекеттік кірістер органдарына салық декларациясын тапсыру міндеттелген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<