«3 үйді отбасымыздың атынан табыстаймыз»: Ырысбала Икрамбай қайырымдылық жасауды біржола тоқтатты

1117

0

Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз етіп жүрген блогер Ырысбала Икрамбай қайырымдылық іспен айналыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында блогер көмекшілерімен бірге 97-баспананың кілтін табыстады.

«Мен ақша түсетін нөмерімді өшіріп тастағанмын. Бұдан кейін көпшіліктен ақша жинап, адамдарды үйлі еткім келмейді. Көмектесемін, бірақ қаражатты өз қалтамнан ғана шығарамын. «Ырысбала жеп қойды. Халықтан жинап, халыққа беріп отыр. Сол арқылы абырой жинап отыр» деген сөзді естігім келмейді. Санасы таяз адамдар шаршатты. 97 үйді керек-жарағымен табыстау, көпшіліктің қаражаты мен аманаты оңай емес. Сіздер білетін мен білмейтін қиындықтардан әбден шаршадым. Мүмкін, біраз демалыс та керек шығар. 100 баспана табыстаймыз деген мақсат болған. Қалған 3 үйді өзіміздің отбасымыздың атынан табыстайтын боламыз. Сонымен, 100 үй шығады. Соған риза болыңыздар!», – деп жазды блогер.

Сөз соңында, қайырымдылық жасап, халықтың махаббатына бөленген блогер осы күнге дейін қолдаған оқырман қауымға алғыс айтты.

«Мені қолдаған халыққа рақмет айтамын! Маған сенгендеріңізге мың алғыс! Әйтеуір, бірлесіп пайдалы іс атқардық. Инстаграмда отырып, бос уақыт өткізбедік. Соған қуанамын. Қайырымды істердің қайырын Алладан күтіп, адал іс атқаратын жандар көбейсін!», – деп ризашылығын білдірді Ырысбала.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<