30 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

110

0

30 қаңтар күні Қазақстанның барлық дерлік аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуімен аздаған қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Маңғыстау, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.