«Қазгидромет» РМК 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзай күтіледі, жекелеген аудандарында бұршақ болуы мүмкін.
Қазақстанның батыс, шығыс және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшейеді, шаңды дауыл соғады.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл облысында күндіз кей жерлерінде – найзағай, жел 15-23 м/с, бұршақ болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<