300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің twitter-дегі парақшасында жазды.«Мемлекетті басқару жүйесіне жас мамандарды, соның ішінде азаматтық сектордан тарту менің міндетім болады. 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады. Жастар – алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші», – дейді Мемлекет басшысы.





