– Балық және аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 361 тұлғаға 4337,5 мың теңге айыппұл салынып, оның 96 % өндірілді. Есепті кезеңде облыс көлеміндегі орман мекемелері мен Барсакелместе 27 рет тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысымен кемшіліктерді қалпына келтіруге 18 ұйғарымдар беріліп, 9 рет орын алған кемшіліктерді жою туралы Ұсыныс келтірілді,- деді инспекциясы басшысы.
Басқарма басшысы аңшылық алқаптарды пайдаланушылардың аңшылық шаруашылығын дамыту жоспарын және келісім-шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты ескертпе хаттардың берілгенін, сот шешімдерімен 3 аңшылық алқаптары, балық шаруашылығын дамыту жоспарындағы міндеттемелерін ішінара орындамаған 4 су айдынын қайтарылып алынғанын нақтылап берді.





