300 жаңа автобус

1560

0

Қоғамдық көліктердің мәселесі айтылып та, жазылып та жүр. Әлеуметтік желіде көп сынға ұшырайтын да осы сала. Өткен жылдың желтоқсан айында салаға жаңа басшылар келіп, жұмысқа бел шешіп кірісіп кетті. Бүгін «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директоры Мақсат Жүсіп және осы мекеменің қауіпсіздік қызметі бойынша директор орынбасары Әмірбек Шаймағанбетов журналистерге бір ай ішінде атқарылған жұмыстарды таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

 «Қызылорда автобус паркі» қалаішілік бағытта 2013 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Күні бүгінге дейін паркке қарасты автобустармен бірге жеке қызмет көрсетушілер өзара бірге жұмыс істеді. Ал 2021 жылдан бастап «Қызылорда автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып өз алдына бөлек мекемеге айналды. Бүгінде қалаішілік12 бағытты қамтамасыз етуде. Олар №1, №11,14,№17,№18, №19,№20,№22,№25№28, №29және қосымша жүктелген «Ягодка» саяжай бағыты бойынша қызмет жасайды.

300 жаңа автобус

Облыс әкімдігінің қолдауымен Серіктестікке «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы жаңадан лизингке 150 дана автобус алуға облыстық маслихат шешімімен алдын-ала төлемге 1 млрд. 434 млн. теңге бөлініп, оның 100 автобусы алуға шарт жасалып, жұмыс жасауда. Қалған 50 автобус бойынша тиісті құжаттар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен шарт жасалып,автобустардың келуі үстіміздегі жылдың ақпан айында күтілуде.

300 жаңа автобус

Әр бағытқа кемі 12-15 автобус бөлінген.  Биыл тағы 150 үлкен сыйымдылықтағы автобус қалаішілік маршрутқа қосылады. Сонымен қалаішілік тасымалдың 70-80 пайызы жаңа үлкен сыйымдылықтағы автобустармен қамтылады. Алдағы уақытта тағы бес бағытқа жаңа замануи автобустар беріледі. Олардың қатарында №12,№16 және пандемия кезінде мүлде жұмысын тоқтатқан №3,№9 бағыттағы маршруттар қарастырылып отыр. Бүгінде желтоқсанның 15-і мен қаңтардың 15 аралығында «Халыққа сапалы қызмет және қауіпсіз жол» акциясы өтуде.

300 жаңа автобус

Мекеме басшылары алдағы ақпан айынан бастап автобус паркіне қарасты қоғамдық көліктердің жүру ақысын қолмақол төлеммен 150 теңге, ал электронды түрде 85 теңге етуге ұсыныс беруде. Жасыратыны жоқ, қолма-қол төлем әлдебіреулердің қалтасына түседі. Ал электронды түрде төлем жасалса, ол тікелей мекеменің есепшотына аударылады. Бұл – көлеңкелі кәсіптің алдын алудың бірден бір жолы. Халық оған түсіністік танытуы тиіс. Сонымен бірге SMS BUS қосымшасын кез келген телефоннан өзіңізге жүктеп алсаңыз, көліктің қай аялдамадан шыққанын, уақытын бақылай аласыз. Тағы бір үлкен жаңалық алдағы уақытта оқушылар тасымалын да осы автобус паркі өз иелігіне алып, сапалы әрі қауіпсіз қызмет көрсетуді жауапкершілігіне алмақшы. Бұл әрине, алдағы  үлкен жобалардың бірі. Мұнан бөлек жасалып жатқан жұмыстар жайлы газетіміздің сенбі күні шығатын санынан оқи аласыздар!

Айсәуле ҚАРАПАЕВА,«Сыр бойы»

300 жаңа автобус
300 жаңа автобус

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<