31 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

32

0

Метеорологтар 31 желтоқсанда Қазақстанда ауа райының қандай болатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Республиканың батысынан ауысып келген циклонның ықпалы солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста сақталады. Сондықтан, Жаңа жыл алдында аяздар басылып, қар жауып, бұрқасын соғады», – деп хабарлады Қазгидромет ҚазАқпарат тілшісіне.
Соған қарамастан, түнде ауа температурасы минус 10-15 градус және күндіз минус 3-10 арасында болады.
«Қазақстанның батысында кезекті антициклонның ықпалынан түнде 15-25 градус аяз болады. Оңтүстік және оңтүстік шығыста жауын-шашын болып, түнде және таңертең тұман түседі және көктайғақ болады. Температура түнде 2-13 аяз, күндіз 3-5 болуы ықтимал», – деді гидрометорталық өкілдері.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз