36,1 млрд теңге төленді

316

0

36,1 млрд теңге төленді «2019 жылдың 1 қазанындағы мәліметтер бойынша, Қор­дың жеткізуші компанияларына 36,1 млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген ­медициналық көмек пакеті шеңберінде бекі­тілген келісімшарттардың жалпы сомасының 80,5 %-і», – деді «Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.

Оның айтуынша, жұмыс кес­­теге сәйкес жүргізілуде. Бө­лін­ген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шы­ғын­дарын өтеуге жеткілікті.

Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 73 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 43-і жеке меншік клиника. Биыл олардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 7-ге артқан, яғни 14% құрайды.

Мемлекеттен тапсырыс алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 

облыс бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі.