18 қазан күні таңғы сағат 06:00 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының «102» арнасына жергілікті тұрғыннан Сол жағалаудағы және «Orda school» мектебіндегі жарық бағаналарын белгісіз адамдардың сындырып кеткендігі жөнінде хабарлама түсті.
Оқиға болған жерге жедел – тергеу тобы шығып, бұзақылық жасаған күдіктілерді анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде қатысы бар екі жасөспірім анықталып, басқармаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән – жайлары анықталуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<