Әр өңір 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыға өтінім қабылдау үшін жеке Telegram-боттарды іске қосты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Цифлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, Telegram арнасындағы Bot-қа жүктемені азайту мақсатында әр өңір бойынша чат-Bot-тарды ашу шешілген. «Өтінім беру алдында өз аймағыңызды таңдауыңыз қажет. Сондай-ақ, Еgov.kz және 42500.enbek.kz сайттары арқылы да өтінім қабылдау жалғасуда. Сіздерден тексерілген сілтеме арқылы өтулеріңізді сұраймын, себебі кейбір «пысық» азаматтар өз арналарына жазылушыларды көптеп тарту үшін фэйк аккаунттарды іске қосуда», – деп жазды ведомство басшысы Facebook-те.
https://t.me/Qyzylorda42500Bot – (Қызылорда облысы)
42500 теңге жәрдемақы: Әр өңір жеке Telegram-ботты іске қосты
06.04.2020
393
0





