43 жеке клиника тапсырыс алды

202

0

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық  филиалы халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімінің мәліметіне сүйенсек, қор жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 38,5 млрд теңге төлеген. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 86,1 %-ін құрайды. Қаржы тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) шеңберінде бөлінген.

Биыл МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген аймақтың медицина ұйымдарымен 44,7 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен. Бұл былтыр бөлінген қаржыдан 14 %-ке артық.  

«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», – дейді филиал директоры Руслан Бектібаев.

Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 73 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 43 жекеменшік клиника да бар. Биыл олардың саны былтырмен салыс­тырғанда 7-ге артқан, яғни 14%-ті құрайды. Мемлекеттен тапсырыс алған жекеменшік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ – былтырдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы. Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бо­йынша сатып алады.

Барлыбек БАТЫР.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<