5-20-25: Жаңа бағдарлама бойынша кімдерге баспана беріледі?

228

0

Қазақстанда баспананың қолжетімді болуы үшін тағы бір бағдарлама енгізіледі, мұнда басты шарт қазақстандықтардың табыс деңгейі болады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. 
 Үкімет 2020-2025 жылға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын мақұлдады.
 «Бірыңғай тұрғын-үй саясатын жүзеге асырудың» бірінші тапсырмасы аясында баспана қолжетімділігі сатысы енгізіледі. Халықтың табысы негізгі фактор болады. Отбасы мүшесі үшін бір күнкөріс минимумы – 29,7 мың теңге табысы бар кезектегі адамдарға жетім балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, зейнеткерлер мен басқалар үшін сатып алуға болмайтын жалдамалы баспана беріледі», – деді Атамқұлов.  
Оның айтуынша, «Бақытты отбасы» бағдарламасы кезектегілерге қолжетімді болып қала береді, олардың санатына кіретіндер – екі күнкөріс минимумы – 59,4 мың теңге табысы бар көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар.  «3,1 күнкөріс минимумы – 92 мың теңге табысы бар кезектегілер «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктің кредиттік баспанасына үміткер болады, олар – әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттегілер. 3,1 күнкөріс минимумынан жоғары табысы бар тұрғындарға «7-20-25″ бағдарламасы қолжетімді», – деді Атамқұлов.
  Оның сөзінше, бес күнкөріс минимумы – 148,5 мың теңгеден жоғары табысы бар қазақстандықтар баспана алу үшін «Баспана-хит», «Орда», «Свой дом» секілді нарықтық бағдарламаларды пайдалана алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<