5 млн теңгенің құрылыс заттарын ұрлады деген күдікпен қала тұрғыны құрықталды
16 сәуір күні қала тұрғыны Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп, меншік үйдің ауласында тұрған жалпы құны 5 миллион теңге тұратын құрылыс заттарын ұрлап кеткендігі жөнінде арыз берген болатын.
Ұрлыққа қарсы бағдарлама барысында тәртіп сақшылары 45 жастағы қала тұрғынын құрықтады.
Аталған дерек Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің кодексінің188-бабы 3-бөлігінің 1 – 3 тармағымен (Ұрлық яғни, ірi мөлшерде, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<