5 шілдеден бастап қандай бағыттағы пойыздар тоқтайды?

1219

0

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов айтты, – деп хабарлайды Egemen.kz

Ағымдағы жылғы 5 шілдеден бастап «Алматы-Сарыағаш» (№321/322) бағытындағы пойыздың жүруі уақытша тоқтатылады.

4 бағыт бойынша пойыздардың жүру кезеңділігі қысқартылады:


• «Алматы-Нұр-Сұлтан» (№3/4) күнара (күнсайынның орнына);


• «Алматы-Павлодар» (№31/32) күнара (күнсайынның орнына);


• «Нұр-Сұлтан-Өскемен» (№67/68) күнара (күнсайынның орнына);


• «Нұр-Сұлтан-Достық» (№257/258) аптасына 1 рет (аптасына 2 рет орнына).

Бұдан басқа, бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 22 бағыт бойынша қала маңындағы пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылады, 8 бағыт бойынша жалпы вагондар алынып тасталады, 6 «Talgo» пойызында отыруға арналған орындары бар вагондар жабылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<