50 отбасыға көмек көрсетілді

281

0

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық «Айтбай» мешітінің ұйытқы болуымен қайырымдылық акциясы өтті.

Тағдыр тәлкегінен жабырқаған жанұяларға жылулық сыйлау мақсатында ұйымдастырылған сауапты шараға облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мен аталмыш мешіттің имамы Дастан Жанасұлы қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Сөз соңында Бас имам Болатбек Абуов бастаған мешіт қызметкерлері жергілікті «Бақытты отбасы» орталығына тіркелген тұрмысы төмен 50 отбасыға азық-түлік пакеті мен жалпы 300 кг ет үлестірді.

Акция аясында көмек алғандар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<