Биыл балалар жылына орай қаламызда 50 спорттық ойын алаңы Сыр елінің жанашыр азаматтары, мердігер мекемелерінің демеушілігімен салынуда.
Бұл балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді.
Алайда, халық үшін балаларға арналған су жаңа спорттық ойын алаңдарын кейбір қала тұрғындары вандализм әрекетін жасап зақым келтіруде және қираған ойын алаңын тиісті сала жұмысшыларымен қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті қала тұрғындары!
Егер, Сіздер осындай заңсыз әрекеттерге куә болсаңыз міндетті түрде 102 нөмірі бойынша полиция қызметіне хабар берулеріңізді сұраймыз!
Қала тұрғындарын ортақ меншіктегі ойын алаңдарын күтіп ұстауға және жанаршылықпен қарауға шақырамыз!
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<