+51 градус: Қазақстан тарихындағы ең ыстық күн қашан болды?

336

0

Қазгидромет мамандары соңғы 43 жыл ішінде ауа температурасының қалыпты нормадан жоғары болатын күндерінің көбейгенін айтады. Сондай-ақ, Қазақстан тарихында ең ыстық және ең суық ауа температурасының қашан тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
«1976-2017 жылдары аралығында Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан облыстарында ауа температурасы 35ºС-тан асатын күндердің көбейгені байқалады. Әр он жыл сайын олардың саны 4, 8 күнге ұзарған», – дейді Қазгидромет баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, олар жылу толқынының жылдамдығы орташа есеппен Қазақстанның барлық дерлік өңірінде артқанын айтты. Қазақстанның батыс бөлігінде, әсіресе, Маңғыстау облысында әр он жыл сайын олардың саны 6-10 күнге артып отыр.
«Қазақстанда ең ыстық ауа райы Түркістан облысында + 51ºС 1951 жылы 1 шілдеде тіркелген. Ең суық ауа райы Ақмола облысында – 51,6ºС 1893 жылы 5 қаңтарда тіркелген», – дейді мамандар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<