Республикалық «Таза Қазақстан эколгиялық акциясы» аясында күзгі көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.
Шиелі ауданындағы қасиетті “Оқшы ата” мазараты аумағындағы 4,5 гектар аумақ шаруа қожалықтарының демеушілігімен тазаланып, ағаш түптері шапталып, арнайы тал егетін аумақ ашылған болатын.
Аталған аумақ талапқа сай қоршаланып, арықтар қазылып, 5500-ден астам тамырлы көшеттер егілді. Сонымен қатар, арнайы 2 шақырым жерден жап қазылып аяқ су тартылды.
Аталған науқанға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, ауданның зиялы қауым өкілдері, облыстық және аудандық мәслихат депуттары, мекемелер, ауылдық округтер, имамдар, аудан тұрғындарынан жалпы 700 ге жуық адам қатысып, тал екті.
Акция барысында демеушілердің қолдауымен сол орынға арнайы шатыр тігіліп, қайырымдылық шара ұйымдастырылып, құран бағышталды.
Күзгі ағаш егу науқаны ай бойы үздіксіз жүргізіліп, ауданымызды жасыл-желекке айналдыру белсенді жүргізілмек.
Шиелі ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<