«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2024 жылғы 6, 7 және 8 маусымға арналған ауа райы болжамын егжей-тегжейлі ұсынды. Мамандар еліміздің оңтүстік өңірлерінде қатты аптап ыстық күтілетінін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтар алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын хабарлады.
«Көптеген облыстарда жаңбыр жауады: 7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда, сондай-ақ 8 маусымда республиканың солтүстік, батыс, орталық және шығысында, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Бұл ретте елдің оңтүстігінде күндіз +35+43°C-қа дейін қатты ыстық күтілуде, оңтүстік-шығыста ауа температурасы +35+40°C-қа дейін көтеріледі.
«Елдің батысында 6-7 маусымда күндіз +30+38°С, 8 маусымнан бастап +25+30°C дейін төмендейді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, күндіз орталықта. +22+30-дан +20+ 25°C-қа дейін шамалы төмендейді», – деп қосты синоптиктер.
Бұған дейін мамандар Қазақстанның үш ірі қаласында 2024 жылдың 5,6 және 7 маусымына арналған ауа райы болжамын айтқан болатын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<