6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

233

0

6 қаңтарда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елдің кей бөлігінде жауын-шашын болып, республиканың солтүстігінде қар жауып, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі болжанады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с жетеді.

Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<