6 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылды

622

0

Фото: ortcom.kz

Елімізде өзін банкрот деп жариялаған азаматтардың саны 6 мыңнан асты, деп хабарлайды Kazinform.

«Халықтың шамадан тыс кредит алу проблемасын шешу құралдарының бірі – азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды. Борышкерлердің бәрінде бірдей банкроттық рәсімін пайдалану мүмкіндігі жоқ. Проблемалық қарыз алушыларды көбірек қамту үшін Қаржы министрлігі осы жылдың соңына дейін құжаттар беруді оңайлату және соттан тыс банкроттықты қолдану рәсімін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауы қажет», – деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, өзін банкрот деп жариялаған азамат оның қарызы жабылады деген түсініктен аулақ болу керек.

«Бүгінгі таңда банк саласындағы интернет-алаяқтық өзекті мәселеге айналды. Соңғы жылдары мұндай фактілердің саны 5 есеге дейін көбейіп кеткен. Жыл басынан бері интернет-алаяқтыққа байланысты 15 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелді. Келтірілген зиянның мөлшері 13 млрд теңгені құрады. Оның 65%-ін шетелден келген алаяқтар жасаған», – дейді ол.

Одан бөлек, Премьер-Министр Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және мобильді байланыс компанияларымен бірге осындай жағдайларға мониторингті күшейтіп, алаяқтық фактісі бойынша азаматтардың өтініштерін жедел қарауы керектігін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<