60 қазақстандық компания «Қазақстан халқына» қорына 131 млрд теңге аударды

552

0

Фото: МИА «Казинформ»

«Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасы Болат Жәмішев қорға қай ұйымдар қаражат аударып жатқанын айтты.

«Біздің қордың жанашырлары назардан тыс қалып отырған жоқ. 100 миллионнан астам аударғандарды ғана алатын болсақ, 196 миллиард теңгенің 131 миллиардын 60 компания аударған. Оның 39-ы жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 16-сы акционерлік қоғам, сондай-ақ бес қор бар. Яғни, негізгі сома қазақстандық кәсіпорындардан түскен», – деді Б.Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел отырысында.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңға сәйкес, жыл сайын «Самұрық-Қазына» қоры таза табысының кемінде 7 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударатын болады.

2022 жылғы қаржылық есептіліктің қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» қоры «Қазақстан халқына» қорына 66,6 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді. Бұл ретте, 20,6 млрд теңгесі алғашқы жарна ретінде түсті. Қалған сома келісімге сәйкес 2024 жылғы наурызға дейін жіберілетін болады. Бұл қаражат Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруға және орфандық аурулары бар азаматтарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі бекітілген тәсілдерге сәйкес 2024 жылы дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалады.

Атап айтқанда, 2 жыл ішінде «Қазақстан халқына» қоры жалпы сомасы 90,9 млрд теңгеге қайырымдылық көмек жасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<