60 шетелдік полиция органдарына жеткізілді

231

0

Облыс орталығында полиция қызметкерлері «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық шарасын өткізді, – деп хабарлады қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Шара аясында тәртіп сақшылары шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олардың қала аумағында болу заңдылығын тексерді. Жатақханалар, қонақ үйлер, базарлар, вокзал және салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады.  Қала көлемінде көші-қон қызметі бөлімі мен жергілікті полиция қызметкерлері жүргізген жұмыс барысында 60 шетелдік полиция органдарына жеке басын анықтау үшін жеткізілді. Оның 35-іне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік мамандандырылған сотқа заңды шешім қабылдау үшін жолданды.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<