600 төлқұжаты бар коллекционер

240

0

600 төлқұжаты бар коллекционер Коллекционер Том Топол 2003 жылдан бері ескі төлқұжаттарды жинап келеді. Оның Passport-collector сайтынан осыдан жүздеген жыл бұрын жасалған құжаттардан бастап NASA ғарышкерінің төлқұжатына дейін тауып алуға болады.  
Том Тополдың жеке коллекциясында 600-ден астам төлқұжат бар. Олардың ең ескісі – 1602 жылы шыққан, Франция королі Генрих IV қолы қойылған Филипп Уильямның төлқұжаты.  Коллекционер айтуынша, мұндай сирек құжатты табу қиынның қиыны. XVIII ғасырға тиесілі құжаттарды табуға болатын шығар, бірақ XVII ғасырдың ресми іс-қағазын қолға түсіру оңай емес. Бұл құжатты коллекционер бар болғаны 461 долларға сатып алған екен.  Франция-Англия (1803-1805 жж.) соғысына екі күн қалғанда жасалған британ төлқұжаты 10 адамға ортақ югославиялық төлқұжат Кимонодағы қыз. 1934 жылғы жапон төлқұжаты Бұрын төлқұжат ақсүйектер мен шенді адамдарға жасалған. Сондықтан болар әр ескі төлқұжат тиянақты дайындалатын болған.
 Коллекционерге құжаттарды жинауға Киото қара базарындағы ескі төлқұжаттар себеп болыпты. Олар Томды бірегей қолжазбасымен таңғалдырған: «Мұндай құжаттардың тарихи мәні бар. Олар сол кездегі елдердің географиялық жағдайын, саяси келбетін көрсетеді. Ескі құжаттарда мөр, таңбалар, маркалар өте әдемі әрі ұқыпты жасалған. Олар маған сонысымен де ұнайды. Біздің қазіргі төлқұжаттарымыз – униформа. Ал XIX ғасырдың төлқұжатына қарап көрсеңіз, жеке бір өнер туындысын көргендей боласыз».  Том Тополдың коллекционерлік тәжірибесі мен тарихты ерекше форматта зерттеуі біраз коллекционерге үлгі болары сөзсіз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<