Танымал тәлімгер, психолог Мұхамеджан Тазабек ұлының үйлену тойында ерекше қонақты көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тәлімгер өзін спортқа баулыған 63 жастағы ұстазы 48 келі гір тасын көтеріп, көпшілікті таңғалдырды.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген рас қой?! Мені бала кезімнен спортқа баулып, таэквондаға да, күреске де үйреткен ауылдағы ұстазым осы кісі. Қазір 63-қа келсе де күш-қуаты тасып тұр. Алла берекесін берсін! Қанша жасқа келсек те «қартайдым» деп сылтау айтпай, Болат ағамыз сияқты өзімізбен жұмыс істеуіміз керек», – деп жазды тәлімгер.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ақсақалдың өмірін көпке үлгі етіп жатыр.
«Тойда билете бермей, осындай ойындар ойнатса болады екен», «Жылдар бойы салауатты өмір салтын ұстанса, нәтиже осындай болмақ», «Сүйегі асыл азамат» деп осындай кісілерді айту керек», – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Мұхамеджан Тазабек тұңғышын үйлендіріп, келін түсірген еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<