7 сәуір күнгі ауа райы болжамы

210

0

7 сәуір күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс және шығысында жауын жауады. Еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, екпінді жел сақталады, батыста найзағай болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Қызылорда облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады, күндіз екпіні 23 м/с артуы ықтимал. Кей аумақтарында шанды дауыл болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысында найзағай күтіледі.

Атырау, Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл, Түркістан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі мүмкін. Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұман күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<