Бүгін, 11 сәуір Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы ПД Көші-қон басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Қамитбеков Сағындық Убайдуллаұлының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.
Мемлекеттік маңызы зор, өзекті мәселелердің бірі – көші-қон саясаты. Мемлекетте халықтың жайлы қоныстануы – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың кепілі.
Мемлекеттік қызметті көрсету Стандартына сәйкес, Көші-қон қызметі саласы бойынша 8 мемлекеттік қызмет көрсетуде, оның 90% электронды түрінде.
Жыл басынан көші-қон қызметі саласымен жалпы 25 мың 516 мемлекеттік қызметтер көрсетілді,оның 25 мың 272 электронды түрде, ал 244 қағаз түрінде қызмет көрсетілді.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұру, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты кету өтіншітері, Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту, Шетелдіктерді елімізде уақытша тіркеу жұмыстары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталығы(ЦОН) арқылы қызмет көрсетілуде.
Сонымен қатар, биыл Қызылорда облысы аумағына 4167 шетел азаматтары уақытша тіркеуге алынса, оның 4093-і ТМД(Тәуелсіз мемлекет достығы) елдерінен, ал 74-і алыс шетелдерден келгендер.
Көші-қон процесіне талдау жүргізу және бақылау орнату, ішкі істер органдарына жүктелгендігіне байланысты облыс көлемінде үнемі жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Жыл басынан іс-шараның екі кезенінде жалпы 432 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
Көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабымен 265 шетелдік анықталып, оның 110 азаматы әкімшілік жолмен республика аумағынан аластатылды.
Шетел азаматтарын уақытылы тіркелуін қамтамасыз етпеген ҚР-ның 167 азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
Облыста тұрақты тұрып жатқан 382 шетелдіктер бар, оның алыс шетелдерден келгені 39, ТМД елдерінен 343, оның ішінде этникалық қазақтар 82 (қандастар).
ҚР азаматтығын алуға өтініш білдірген 10 азаматтың іс- құжаттары қабылданып, ҚР азаматтығын алды.
Одан бөлек, халықты құжаттандыру мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті шаралардың бірі.
Облыс көлемінде барлығы 21 мың азаматтың жеке басын растайтын құжаттары рәсімделіп, табысталды.
Оның ішінде, мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы адамдарды, көп балалы аналарды, мүгідектерді құжаттандыру үшін көші-қон қызметінің және ХҚКО-ның арнайы тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылып, жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі күнге мобильді топтарымен барлығы 70 тен астам облыс тұрғындары құжаттандырылып, оларға дайын құжаттары табысталды. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<