
Мамандардың айтуынша, алдағы күндері циклон боран мен дауылды жел алып келеді. «Терең және белсенді циклон Батыс Сібірге ауысады. Онымен байланысты болатын атмосфералық фронттар үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағы арқылы жылжитын болады», – дейді олар. 6 наурызда жылы фронттар болса, 7-8 наурызда суық фронттар республиканың солтүстік бөлігінде қар жауу, боран, көктайғақ, қатты жел, 25-30 м/с дейін көтерілетін ұйытқу, температураның қысқа мерзімді жоғарылауынан кейін суық күндер болады екен.
«Оңтүстік облыстарда жауын-шашын, ылғалды қар, тұман, кей жерлерде 23-28 м/с дейін көтерілетін батыс желі күтілуде. Қазақстанның оңтүстігінде дабылды ескерту жарияланды: 6 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыс желі соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және аса күтіледі», – делінген хабарламада.
Тараз қаласында 6 наурызда соққан оңтүстік-батыс, батыс желінің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 6 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, таулы асуларда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай болады. Оңтүстік-батыс, батыс желі соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Бұған дейін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланған. 5-7 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстары бойынша кей жерлерде жауын-жашынның (жаңбыр басым) қатты түсуі күтілуде. Осыған байланысты, мұздық құбылыстардың әлсіреуі, жазықтық жерлерде еріген ағынның және таулы өзендерде баурайлы ағынның пайда болуы күтіледі.
Су деңгейлері көтеріліп жайылмаға шығуы мүмкін. 5-6 наурызда Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша күндізгі ауа температурасының 0+7 C-қа қысқа мерзімді жоғарылауы, жауын-шашынның (қар, жаңбыр), кей жерлерде қатты түсуіне байланысты жазық аумақта қардың еруі және еріген қар ағынының қалыптасуы күтіледі.