8 тұрғынның 10 млн теңгесін алған әйел ұсталды

666

0

Қызылорда облысында 8 тұрғынды алдып, 10 млн теңгесін алып кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 8 тұрғыны алаяқтық әрекеттің құрбаны болғандығы жөнінде арызданды.

«2021 жылдан бастап әйел жәбірленушілерді мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер, қайтарымсыз несие, грант алып беремін деп алдаған. Салдарынан олардан 10 миллион теңгеге жуық ақшаны жымқырып кеткен. Полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бұрын сотты болған 37 жастағы күдікті әйел ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада антикорға жұмысқа тұрғызып берем деп елден ақша алған алаяқ ұсталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<