80 млн теңге тұратын үйді ұтты: География пәнінің мұғалімі блогердің конкурсын жеңді

15926

0

Фото: Блогер парақшасынан

Блогер Аида Серікова құны 80 млн теңге тұратын үйді егелеріне табыстады, деп хабарлады syrboyi.kz.

«Тағы бір қазағымыз үйлі болды. Аллаға Сансыз Шүкір. Баспанасы жоқ, 3-балалы ата ана, күйеуі де, әйелі де мұғалім, сондай бір қарапайым жандарға бұйырыпты. Бүгін ғана ақшадан қысылып, күйеуі Алматыға кредит алуға келіпті. Сонымен, банктен даже 200.000 тг бермеген екен. Курстың өзін банкпен бөліп төлеуге алған. Эфирде барлығымызды жылатты. Алла Ұлық! Айдос мырзаның отбасы үшін қуана білейік», – деп жазды блогер.

Instagram-ды парақтап отырып, Айда Серікова есімді блогердің курс немесе косметика сатып билет беру арқылы үй ойнатуын бақыламаған адам жоқ шығар.

«Алматыдағы 80.000.000-дық үй ауылда мұғалім болып жұмыс істейтін Айдос мырза мен жұбайына бұйырды, – деді А.Серікова.

Соңғы кездері ақшаның таршылығынан көп ұрсып жүрген жас отбасы қарызға белшесінен батса да, берілмей, қиындықты бірге еңсереміз деп сеніп осындай тосынсыйға ие болды.

Айдос есімді азамат жастайынан ата-анасынан айырылған. Інісі екеуі тете өсіп, мектепті өте жақсыға, ал ҚазҰУ қызыл дипломмен бітірген. Өте сауатты. Қазіргі таңда, география пәнінің мұғалімі екен.

– Өте қарапайым жандар. Алла бұл кісілерге еселеп берсін. Осы күнге дейін қиындықты тек күліп қарсы алған екен, – деді блогер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<