Коронавирустық инфекция жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған 82 адам үйлеріне шығарылды. Олар екі мәрте жүргізілген зерттеу қорытындыларының теріс нәтиже көрсетуіне байланысты осындай мүмкіндікке ие болды.
13 сәуірдегі мәлімет бойынша облыста науқастармен қарым-қатынаста болған 1485 адам анықталды. Оның 779-ы стационарларға жатқызылып, 706-сы үй карантиніне алынды.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті





