80 жастағы әже жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанды. Әже – Моңғолияның халықаралық спорт шебері. Жеңіл атлетикадан ардагерлер арасындағы VIII Әлем чемпионаты өтуде.
Чемпионат 4-16 қыркүйек аралығында Испания елінің Малага қаласында өтіп жатыр. Турнирге қатысу үшін әлемнің 100 елінен 8 мыңнан астам спортшы жиналған. Оған Моңғолияның халықаралық спорт шебері Т. Цэрэндолгор 80 жас санаты бойынша әйелдер арасында өткен көпсайысқа қатысып, бір алтын, екі күміс және бір қола медаль иеленді.
Ернар ЕЛШАТҰЛЫ
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<