85 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ӨЛКЕДЕГІ ӨНДІРІС ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

1012

0

Фото: Жалағаш ауданы

Кеше ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді.

Іс-сапар барысында «Өркен Әлем» ЖШС-нің тігін цехымен және онда жұмыс жасайтын шеберлердің жұмысымен танысты. Отандық бренд қалыптастыруда жаңа бастаманы қолға алған серіктестікте 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Айта кетейік, 2024 жылдың 5 айында Жалағаш ауданы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру 147,4 пайызға артып, 17 млрд. 129,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді.

Сондай-ақ, халық қалаулысы Жалағаш кентіндегі дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс нысанының қазіргі таңда негізгі жұмыстары аяқталған. Дегенмен, мердігер мекемеге ескертпелерге сәйкес қалпына келтіруді қажет ететін тұстарды қайта жаңарту қажеттігі тапсырылған. Бүгінгі күнге дейін құрылыс жұмыстары кешеуілдеген спорт кешені жақын арада пайдалануға берілетін болады.

Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов 85 жылдық тарихы бар ауданның тынысы кең, тындырымды ісі мол екенін айтты.

Жалағаш ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<