86 жастағы әжей футболдан Әлем чемпионатында волонтер болады

302

0

86 жастағы әжей футболдан Әлем чемпионатында волонтер болады Саранск қаласының 86 жастағы тұрғыны Лидия Волкова 2018 жылғы Әлем чемпионатында ерікті болып жұмыс істейді, деп хабарлайды sport.inform сайты.

Кейуана 2017 жылы желтоқсанда Саранск қаласында өткен хоккей матчтарының бірінде ерікті ретінде жұмыс істеген. Ал футболдан Әлем чемпионатында ақпараттық-туристік пункттердің бірінде жұмыс жасауы мүмкін.

«Мен бұрын барлық хоккейшілердің есімдерін білетінмен, футболистерді танитынмын. Бұған арналған арнайы дәптерім де болған», – деді Волкова.

Еске сала кетейік, Әлем чемпионатының ашылуында болатын Ресей-Сауд Арабиясы ойындарын Астанада үлкен экраннан тамашалауға болады.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<