9 маусымда аптап ыстық болады 

228

0

Фото: Pexels

«Қазгидромет» РМК 9 маусымға ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, ҚР аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуімен , найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде – қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша тұман, жел күшейеді деп күтілуде.

Күндіз Алматы, Қызылорда, Жетісу облыстарында күн қатты ысиды, Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстары, Абай өңірінің батысында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында қатты ыстық болады деп күтіледі.

Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау өңірінің батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, Қостанай, Қарағанды және Абай облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.Атырау облысында, Түркістан облысының солтүстік, батыс, шөлейтті аудандар бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында, Маңғыстау өңірінің орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<