9 жасар қыз соңынан аңдыған күдікті ер адамды алдап кетті (видео)

304

0

Мәскеу облысы Ступино қаласында тоғыз жасар қыз артынан подъезге кірген күдікті ер адамнан қашып кетті.
Әлеуметтік желілерде белгісіз біреудің оқушыны аңдып жүрген видеосы жарияланды. Алайда қыз бала оны алдап кетті. Көптеген қолданушылар оқушыны оның тапқырлығы үшін мақтауда. Бірақ видео жасанды деп күдіктенгендер де бар.
Кадрда тоғызға жас шамасындағы қыздың подъезге қалай барғаны, оның артынан белгісіз біреужүргені көрсетілген. Оқушы ер адамды байқап, лифтке кірмей қалады. Ол барар жолын өзгертіп, бұрышқа тығылады. Ал ер адам оны таппай, қайта сыртқа шығып кетеді.
Белгілі болғандай, қызды қуған ер адам психоневрологиялық диспансерге тіркелген. Полиция істі тексеріп жатыр. 

​​​

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<