Халыққа қызмет көрсету орталығында ұялы телефон ұрланды

626

0

21 маусым күні Шиелі ауданының тұрғыны полицияға ұялы телефонының ұрланғаны туралы арызданған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, аудандағы Халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттарын рәсімдеу кезінде телефонын орындыққа қойып, кейінірек есіне түскенде ұялы телефонының жоғалғанын байқайды. Азаматша дереу полицияға жүгінеді.

Тексеру барысында полицейлер орталық қызметкерлерінен сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтады. Ұрлық жасау кезінде қасындағы орындықта бір азаматша отырған екен. Телефон иесінің бейқамдығын пайдаланып, бұл әйел ұялы телефонды алып, қашып кеткен.

Іздестіру шараларының нәтижесінде облыстық Полиция департаментінің Шиелі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол осы ауданның тұрғыны болып шықты. Ұрланған телефон тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарды қарапайым сақтық ережелерін сақтап, ұрлық дерегі орын алған жағдайда дереу полицияға хабарласуын сұрайды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<