Сот кабинетінің ашықтығы

620

0

Фото: ашық дереккөз

«Сот кабинеті» ЭЦҚ қолдану арқылы электрондық іспен танысу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді, пуш-хабарлама арқылы сот отырысының өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабар алуға мүмкіндік береді, сот отырысының хаттамасын беру туралы өтініш өткізуге, хаттамаға ескертулер беруге, сондай-ақ шығарылған сот актілерін алуға және атқару парақтарын сұратуға интернет желісі арқылы қолданушыға ыңғайлы кез-келген жерде, ресми немесе мобильді қосымша арқылы жүгіне алады.

Интернетті еркін меңгерген азаматтарға сіздің уақытыңызды айтарлықтай үнемдейтін және жұмысты тез аяқтауға көмектесетін «Сот кабинеті» қызметін түсіну қиын болмайтынына тағы да назар аударамыз. Бүгінгі таңда бұл сот жүйесіндегі маңызды жетістіктердің бірі болып саналады.

«Сот кабинеті» сервисіндегі жаңалықтар туралы хабардар болуын арттыру және халық арасында оны одан әрі насихаттау мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде QR-кодтарының жаңа технологиясы енгізілгендігін хабарлайды.

Халыққа ыңғайлы болу үшін және бірыңғай стандартқа көшу мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетігі өзгертілді.

Енді авторизациядан өту және құжаттарға қол қою Egov mobile мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) арқылы мүмкін болады. Енгізілген жаңашылдық сервиспен жұмысты айтарлықтай дәрежеде жеңілдетті.

«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервистік қызметі – сот органдарындағы жүйелі ақпарат берудің кеңейтілген тәсілі.

Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар республиканың кез келген азаматына үйден шықпай-ақ «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы елдің кез келген сотына талап қоюды беріп, кейіннен оның қаралу динамикасын бақылап отыруға болады.

Бүгінде «Сот кабинеті» сервисінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою Egov mobile мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) арқылы мүмкін болды.

Халыққа қызмет көрсету орталығында және «Ашық әкімдік» кеңсесінде мамандарға және тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді, аталған жаңашылдықтың ерекшелігіне, яғни, мобильді гаджеттердің қосымша параметрлерінің қажетінсіз, мобильді гаджет арқылы авторизациядан өту арқылы құжаттарға қол қоюға болады. Egov mobile мобильді қосымшасы арқылы ЭЦҚ алуға болатынын да білген абзал.

Енгізілген жаңашылдық сервиспен жұмысты айтарлықтай дәрежеде жеңілдетіп, халыққа ыңғайлы әрі уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі.

Ж.БАЙМЕНОВА,

Қызылорда қалалық сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<