Цифрлық сауаттылық күні

718

0

Аймақтағы орта білім беру ұйымдарында «Цифрлық сауаттылық күні» шарасы өткізілуде. Мақсаты – мектептердің жоғарғы сынып оқушыларын мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен кеңінен таныстыру.

Биыл облыстағы 295 мектепті 7508 оқушы аяқтайды деп күтілуде. Олар жоғары оқу орындарына құжат тапсырады. Жұмысқа орналасқан жағдайда тиісті сұратылатын құжаттар болады. Сондықтан бітіруші сынып оқушыларын ақажетті анықтамаларды электронды форматта алу үйретілуде.

Бұл іс-шара Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің бастамасымен, облыстық білім басқармасы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалымен бірлесіп ұйымдастырылуда.

«Цифрлық сауаттылық күнінің» алғашқы іс-шарасы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейде өтті. Департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев пен филиал директорының орынбасары Айдын Қайруллаев мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алудың артықшылықтарын түсіндірді. Түлектерге алдағы ҰБТ-да сәттілік тіледі.

Мемлекеттік корпорация мамандары «Электрондық үкімет» порталымен жұмыс жасау және еGov mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметтерді алу дағдыларын үйретті. Мысалы, ең көп сұралатын қызметтердің бірі ЭЦҚ кілтті алу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар,үйден шықпай-ақ, сотталмағандығы туралы,психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезге қарсы диспансерден алынатын анықтамаларды мобильдік қосымшадан алуды түсіндірді.

Айта кету керек, биылғы 1 тоқсанда облыс бойынша 1346476, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар 1072033 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Жергілікті атқарушы органдар қызметтердің 98,7%-ін электронды форматта. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,1%-ке артып отыр.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<