АҚ ПЕЙІЛМЕН

387

0

Облыстық перинаталды орта­лы­ғында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай шара өтті. Игі шарада Ана мен бала орталығының бас дәрігері Гүлнар Жұмашева аналарды мерекемен құттықтап, еліміздің демографиясына қосқан үлестеріне алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.  
Өркен және Көркем есімді егіздердің анасы Айжанар Алтаева сөз алып, орталық қызметкерлеріне ризашылығын айтты. Айжанардың жүктілігі өте қиын жағдайда өткен. Сондықтан оны Қазалыдан осында алып келген. Егіздері 1520, 2060 грамм болып уақытынан бұрын туылғанмен, қазір нәрестелердің жағдайы жақсы. Жас ана осыған орай кәсібіне адал, көмекке әзір тұратын дәрігерлерге алғысын жеткізді.
Шарада қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
     Барлыбек БАТЫР.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<